ЖаңалықтарТОПТөтенше жағдай

Катонқарағайда өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

1700 м-ден астам биіктікте шамамен 3 гектар аумақта  жартастардағы жекелеген ағаштарды өрт шарпыды. 

Катонқарағай ауданында Берел орманшылығының аумағындағы жартасты, таулы, қол жетпейтін жерлердегі өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Мұнда 1700 м-ден астам биіктікте шамамен 3 гектар аумақта  жартастардағы жекелеген ағаштарды өрт шарпыған.

Орманшылар мен өрт сөндірушілер өрттің орнына атпен және ШҚО әуе бөлімшесінің МИ-8 тікұшағының көмегімен жетті.

Қазавиаорманқорғау МИ – 2 тікұшағы ауадан жағдайды үнемі қадағалап отырады.

Өрттің үстінен тікұшақпен 50 тоннаға жуық су құйылды.

Өрт сөнджіру жұмыстарына 155 орманшы, өрт сөндіруші және жергілікті атқарушы орган өкілдері, 13 бірлік техника және 3 тікұшақ жұмылдырылған.

Осы айдарда

Back to top button