Тәуелсіздік - 30

Қашықтан сурет салды

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – ел бақыты» атты қашықтан сурет салу байқауы өткізілді.

Ауданның 59 мектебінің оқушылары қатысқан байқау барысында көптеген дарынды оқушы анықталды. Әсемдік әлеміне құштар жасөспірімдер арасында өткен шарада алты жастан 12 жасқа дейін Нұрислам Қайырғали (Қарағаш ауылы), Керім Ордағалиева (Малкелді ауылы), Саят Тоқтамыс (Тарлаулы ауылы), Саяжан Асылбек (Ақтоғай ауылы), Ислам Аманкелді (Байқошқар ауылы) сынды балалар алдыңғы шептен көрінді. Ал 13 жастан 17 жасқа дейін Аңсар Қасымбаева (Өркен ауылы), Маржан Қалихан (Мәдениет ауылы), Анель Ерленқызы (Мыңбұлақ ауылы) жүлделі болды.

– Аталған байқау ауданымызда дарынды балалардың көп екенін, олардың бейнелеу өнеріне деген құштарлығының жоғары екенін байқатты, – дейді аталмыш бөлімінің басшысы Жандос Аманов, – Үздік шыққан туындылар желтоқсанда өтетін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шарада жұртшылық назарына ұсынылады.

Берікхан Тайжігіт

Осы айдарда

Back to top button