Мәдениет

Облыс мерейтойына арналды

Семейдегі тері-былғары комбинатының алаңында Шығыс Қазақстан облысының 80 жылдығына арналған көркемөнерпаздар концерті ұйымдастырылды.

Облыс мерейтойына арналдыҚаланың Затон аумағы тұрғында-рының алдында Прииртышье ауылдық округінің таланттары бар өнерлерін ортаға салды. Тұрғындар халықтық, ретро әндерді естіп, би билеп, көңіл көтерді.

– Біз мұндай концерттерді жиі ұйымдастырамыз, – дейді «Ертіс толқындары» ансамблінің жетекшісі Мағиша Мұрзабаева. – Барлық ән-би, өнерлеріміз Шығыс Қазақстан облысының 80 жылдығына арналып отыр. Затон халқы Жарқын және Знаменка ауылдарының өнерпаздарының өнерлерін тамашалап, жоғары баға-ларын беруде. Біздің халықтық фольклор жанрындағы әндеріміз көпшіліктің көңілінен шығып жатыр. «Ән – көңілдің ажары» демекші, тыңдаушы жұрт болса, біз өз өнерімізді аяп қалмаймыз.

Келесі аптада тұрғындар алдында Озерка ауылдық округі өнер көрсетпек. Облысымыздың 80 жылдығына арналған ән мен күйге толы мұндай шаралар тамыз айының соңына дейін жалғасын табады.

Раушан Нұғманбекова
Семей

Осы айдарда

Back to top button