Руханият

«Нұр-Мүбаракта» грант арқылы оқуға мүмкіндік бар

 

Соңғы жылдары шығысқазақстандықтар “Нұр-Мүбарак” Египет ислам мәдениеті университетінде грант негізінде білім алуда.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша соңғы үш жыл ішінде облыстық дін істері басқармасы облыстық бюджет қаражаты есебінен отандық теологиялық оқу орындарында оқуға ниет білдірген үміткерлерді іріктеу жүргізуде.

Осылайша, 2019 жылдың тамыз айында жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша алты талапкер “Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде оқуға мүмкіндік беретін грант иегері атанды.

Мәселен, 2020-2021 оқу жылында аталған университетке тегін оқу үшін үш талапкер жіберілсе, алдағы оқу жылында тағы үш талапкерді жіберу жоспарлануда.

– Бірінші курсты аяқтағаннан кейін студенттер басқармада және “Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығы” ЖШС-де тиісті тәжірибеден өтеді, онда олар теологиялық жұмыста практикалық дағдыларды ала алады, – деп атап өтті өңірдің дін істері басқармасындағылар.

Айта кетейік, “Нұр-Мүбарак” Египет ислам мәдениеті университеті –жоғары білікті исламтанушыларды, дінтанушыларды, араб тілі мен әдебиеті оқытушыларын, аудармашыларды қазіргі қоғамның талаптарына сай даярлайтын Қазақстандағы бірегей жоғары оқу орны.

Университетте исламтану, теология және дінтану, араб және ағылшын тілдерін оқыту кафедралары бар. Сонымен қатар студенттер исламдық құқықтану, құқық бойынша да білім алады. Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер өңір аумағында мамандық бойынша жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар басқарма тұрақты негізде отандық теологиялық оқу орындарын танымал етуге бағытталған іс-шараларды жүргізеді. Аталған іс-шаралар жастарды ұсынылмайтын діни оқу орындарының қатарына тарту қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте отандық теологиялық білім беру сапасы шетелдік оқу орындарының бағдарламаларынан еш кем түспейді.

Мамандардың пікірінше, елімізде жоғары рухани білім беру жүйесін дамыту жастарды деструктивті діни ағымдар қатарына тарту әрекеттерін жоққа шығаруға көмектеседі. Шынында да, көбінесе діни сауаттылықтың жеткіліксіздігінен жастар радикалды ағымдардың жақтаушысына айналып жатады.

– Дінді тануға деген қызығушылық негізінен мектеп түлектерінде байқалады. Сондықтан оларды уақытында дұрыс бағытқа бағыттау өте маңызды. Әлеуетті студенттермен әңгімелесу жүргізіледі. Біз олардың қандай мамандықтарға қызығушылықтары басым екендігін сұрадық. Абитуриенттер өз кезегінде облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығында тәжірибе жинақтайды, сол жерде өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады, – дейді басқармадағылар.

Өз кезегінде облыстық дін істері басқармасы облыс мектептерінің он бірінші сынып түлектерін аймақ басшысының қолдауымен бөлінген білім гранттарын алу конкурсына белсенді қатысуға шақырады.

Толық ақпаратты ШҚО, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19 мекенжайы бойынша, сондай-ақ 8 (7232) 608-277 телефоны бойынша алуға болады.

 

(Сурет nmu.kz сайтынан алынған)

Мақала облыстық дін істері басқармасының тапсырысы негізінде әзірленді.

Дәурен Аллабергенұлы

Осы айдарда

Back to top button