Әдебиет

Мұқағали Мақтаевтың мерейтойына орай БАЙҚАУ өтеді

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай “Ғасыр құрдасымен сырласу” атты халықаралық байқау жарияланды. Оған ақын-жазушылар, әнші-күйшілер және суретшілер қатыса алады. Байқау шарттары қандай?

♦️Жазба ақындар мүшайрасының шарты:

Мұқағалиға арнау өлең (10 шумақтан аспауы керек) немесе ақын туралы ғылыми мақала, эссе (А4 көлемді 2 беттен аспау керек).

♦️ Әншілер
Мұқағалидің өлеңіне жазылған әндерді жанды дауыспен орындайды.
♦️ Сазгерлер
Мұқағалидің өлеңіне немесе арнау өлеңдеріне жазған әнімен қатыса алады.
♦️ Күйшілер
Мұқағалиға арналған немесе ақын шығармаларына шығарылған күйлерді орындайды.
♦️ Суретшілер
Мұқағалидің портретімен немесе ақын шығармаларына арналған түрлі суреттермен ( графика, май бояу, гуашь, ағаш ойма суреттер, т.б) қатыса алады.
♦️ Мәнерлеп оқу шеберлері
Мұқағали өлеңін мәнерлеп оқуы керек.

Ескерту:
Сайысқа қатысушылардың шығармалары әр аймақтағы төрағалар арқылы 5 ақпанға дейін қабылданады.
5-8 ақпан аралығында қазылар алқасы байқау қатысушыларының жұмыстарын қарайды.
9 ақпанда жүлдегерлер марапатталады. Барлық қатысушылардың шығармалары ФБ -да аймақтағы төрағалар арқылы жарияланады. Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталады.

Ендеше шығысқазақстандықтар қатысамын десеңіздер:
?ШҚО аймақ төрағасы Нүсіпқан Қадырсұлтан
Телефон нөмері: 8777 413 25 27
Почта нөмері: alash_soltan@mail.ru

 

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button