Төтенше жағдай

Мобильді ХҚО-лар риддерліктерге көмек көрсетуде

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының облыстық филиалы Риддердегі өрттен зардап шеккендердің құжаттарын қалпына келтіруде.

Мамандар тұрғындарға электрондық анықтамалар алуға, құжаттарды қалпына келтіруге өтініштер тапсыруға қол ұшын беріп жатыр. Қажет жағдайда корпорация қызметкерлері Көші-қон қызметі басқармасымен, басқа да мемлекеттік органдармен жедел өзара байланыс орнатады.

– Өскемендегі қызметкерлеріміз бірден эвакуациялау орталығына барып, оқиға болған орында халыққа кеңес беріп, түсіндірме жүргізе бастады. Біз риддерліктерге құжаттарды жедел алуға көмектесеміз. Жылжымайтын мүлікке, жеке басын куәландыратын барлық құжат тегін ресімделетін болады, – деді корпорацияның басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Бүгінде зардап шеккендердің бір бөлігі құжаттардың көшірмелерін алып та үлгерді.

 

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button