COVID-19 

Маска тақпағандарға айыппұл салынып жатыр

Шығыста санитарлық нормалардың сақталуы қатаң бақылауда. Себебі талап сақталмайынша қызыл аймақтан жылжымасымыз анық. Күнделікті тексерістің нітижесі ретінде, кешегі «жасыл» аймаққа оралғанымызды дәлел ретінде айтсақ болады. Дей тұрғанмен 19 мамыр күні еліміз коронавирус індетінің таралуы бойынша «қызыл» аймақта. Бұл дегеніміз, ең әуелі тұрғындардың салғырттығы.

18 мамыр күні мониторингтік топ Семейдегі 267 нысанды аралап қайтты. Рейд барысында 4 ереже бұзу фактісі тіркелді. Тұрғындар маскалық режимді сақтамаған. Сондай-ақ 43 755 теңгеге хаттама толтырылып, 87 510 теңгеге айыппұл салынды.

Риддерде, әдеттегідей, 5 рейд жүргізілді. Жүзге жуық нысанды аралаған тексерушілер талап бұзғандар жоқ дейді. Өткен рейд бойынша 43 755 теңгеге айыппұл салынды.

Алтай ауданында 139 нысан бақылауға алынды. Тексеріс кезінде шектеу шараларын бұзған екі тұрғын тіркелді. Глубокое ауданында 127 нысанға, Зайсанда 90 нысанға рейд жүргізілді. Қысқасы, барлық аудандар қатаң бақылауда. Абырой болғанда аудан жұртшылығы санитарлық дәрігер бекіткен талаптарға бағынады. Сол үшін де айыппұлдан аулақ жүр.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button