Білім

Интерактивті құрылғылармен жабдықталады

Интерактивті құрылғылармен жабдықталады
Биыл өңіріміздегі 300-ден астам ауыл мектебі интерактивті құрылғылармен жабдықталмақ.
Облыстық білім басқармасының басшысы Айжан Садықованың айтуынша, аталмыш ресурста мектеп бағдарламасының барлық пәні бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көлемді материалдар базасы болады.
– Ауыл мен қала мектептерінің білім сапасын теңестіру үшін облыстағы барлық білім ошағының материалдық-техникалық базасын нығайту қажет. Биыл шалғай елді мекендерде орналасқан 341 мектепті BILIMLAND интерактивті құрылғысымен жабдықтау үшін 160 миллион теңге бөлуді қарастырып отырмыз. Интерактивті сабақтар, анимациялық фильмдер оқушылардың оқуға деген құлшынысын арттырып, білім сапасын жақсартады. Қазіргі заман мұғалімдерден тек өз пәнінің білгірі болуды ғана емес, педагогикалық-психологиялық, саяси-экономикалық және ақпараттық сауаттылығын талап етеді, – дейді басқарма басшысы.

Ажар САҒАТБЕКОВА
Өскемен.

Осы айдарда

Back to top button