Қылмыс

Есірткі арнасының жолын кесті

Өскеменде құқық қорғау органдары есірткіні еліміздің шығыс өңіріне жеткізудің ірі арнасын жапты.

6 қаңтарда қаладағы үйлердің бірінің ауласында тәртіп сақшылары есірткі заттарын сату мақсатында сақтаған деген күдікпен 39 жастағы азаматты ұстады.

Тұрғылықты жеріне тінту жүргізу кезінде полицейлер спецификалық иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған 790 полиэтилен орамасын тапқан.

Сараптама қорытындысына сәйкес күдіктінің өз пәтерінде 28 келіден астам (28 299 грамм) кептірілген марихуананы сақтағаны белгілі болды.

– Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Өскеменде құқық қорғау органдарының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 39 жастағы азаматты ұстады. Жалға алған пәтерін тінту кезінде 28 келіден астам кептірілген марихуана табылды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған, – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полковник Алмаз Төкенов.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ер адамды мүлкін тәркілей отырып он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

 Кәмал Естай

Осы айдарда

Back to top button