Қылмыс

Бір күнде 5 алаяқтық фактісін әшкереледі – Өскеменде

Өскемендік полицейлер бір күннің ішінде бес алаяқтың жолын кесті.

Өскемен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері халық арасында алаяқтыққа жол бермеу мақсатында, Өскемен қаласында орналасқан барлық банк филиалдарында әрбір келушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Түсіндіру жұмыстары күнделікті сағат 09.00-ден сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі.

Полиция қызметкерлері  банк келушілерін белгісіз тұлғаларға өздерінің дербес деректерін, өз карталары мен шоттарының деректерін, смс-хабарламалардың кодын хабарламауға, күдікті тұлғаларға сенбеуге, олардан келіп түскен кез-келген ақпараттың дұрыстығын тексеруге шақырды.

Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде полиция қызметкерлері бір күннің ішінде бес алаяқтық фактісін анықтады.

35 жастағы қала тұрғынына алаяқ телефон шалып, айфон ұялы телефонын ұтып алғанын және басқа қаладан жеткізіп беру үшін 50 000 теңге төлеу керек екенін айтқан.

Кейбір адамдарға алаяқтар  өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып,  «Сіздің шотыңыздан әлдекім банктің мобильді қосымшасы арқылы өз шотына ақша аударымын жасамақшы, қаржыны сақтап қалу үшін ақшаны басқа картаға аудару қажет» деп хабарласқан.

– Белгісіз тұлға телефон арқылы хабарласып, «Халық банк» менеджерімін, Сіздің жеке бас деректеріңіз біздің қолымызда несие рәсімдепсіз, соны алып кетіңіз деді. Алайда мен ешкімге өзім туралы мәлімет бермегенім есіме түсіп, ары қарай жауап берместен банкке келдім. Банкте мен сияқты алаяқтың арбауына түсіп қала жаздаған адамдарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқан полиция қызметкерін кездестірдім. Болған жайтты оған айтып бергеннен кейін өзімнің алаяқтың құрбаны бола жаздағанымды түсіндім, – деді зейнеткер.

Полиция қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын  алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға және сақ болуға шақырады.

Осы айдарда

Back to top button