Мәдениет

«Ел іші – өнер кеніші» байқауы басталады

Біздің облыста халық әртісі Алтынбек Қоразбаевтың төрағалығымен «Ел іші – өнер кеніші» атты республикалық телевизиялық халық шығармашылығы байқауы өтеді.

«Ел іші – өнер кеніші» байқауы басталадыБайқау Жарма ауданының Қалбатау ауылында қазан айының 2-де басталады. Оған облысымыздың шығармашылық ұжымдары және жеке орындаушылар қатыса алады. Сонымен қатар дәл осы жерде сурет және кітап көрмелері, жергілікті қолөнер шеберлері жасаған бұйымдар жұрт назарына ұсынылатын болады.

Байқауға қатысушылар өз өнерлерін «Ән және би», «Театр өнері және бірегей жанр», «Бейнелеу және декоративті-қолданбалы өнер» аталымдары бойынша ортаға салады. Қазылар алқасының қатарында Қазақстан Республикасының халық әртісі Алтынбек Қоразбаевпен бірге жергілікті мәдениет саласының таңдаулы мамандары төрелік ететін болады. Байқаудан топ жарып, бағы жанған ең үздік өнер ұжымдары мен орындаушылар Астана қаласында өтетін қорытынды гала-концертте өнер көрсетеді. Байқау жеңімпаздары әділқазылар алқасының шешімімен анықталады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button