Білім

Доминик Джордан: – Шәкәрім Университетінің таңдауы бізге түскеніне қуаныштымын!

Доминик Джордан: - Шәкәрім Университетінің таңдауы бізге түскеніне қуаныштымын!


28-ші наурыз күні Шәкәрім Университетінде MIM (Master’s on International Management) бағдарламасының тұсаукесері өтті. Аталмыш бағдарлама өз білімін магистратурада жалғастыруды мақсат еткен студенттерге, сонымен қатар кіші және орта бизнестің өкілдеріне арналған. Жаңа халықаралық бағдарламаны дұйым жұртқа Швейцарлық Вербье экономика мектебінің деканы Доминик Джордан таныстырды.

MIM бағдарламасының негізгі мақсаты – жан-жақты білімді, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті, 21 ғасырдың зияткерлі әрі табысты мамандарды даярлау. Бұл жоба өз ісін 18 ай аралығында атқармақ. Білім алушы магистрдің қалауымен, Швецарияда тәжірибе өту мүмкіндігі де бар. Айта кетерлік жайт, MIM бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігіне кез келген мамандықтың студенті ие.

Дәріс тек ағылшын тілінде жүргізіледі. Бұл қатаң ереже. Экономика саласынан алшақ білім алушыларға, ағылшын тілін білу деңгейін жоғарылату курстары болады.

Бұл дәрістерді Шәкәрім Университетінің ғалымдары әрі Швейцарлық экономика мектебіндегі Франция, Болгария, АҚШ және Бельгия елінің профессорлары жүргізеді.

«Біз Шәкәрім Университетін бірнеше талаптар бойынша таңдадық. Біріншісі білімді жастар шоғырланған кадрлар болса, екіншісі Шәкәрім Университетінң ректоры Мейір Ескендіров. Ол кісі бірегей көзқарасы арқасында екі білім беру ордаларының арасында өзара қарым-қатынастарды нығайтудың ерекше тетігін таба білген жан. Біз үшін бұл бағдарлама үлкен мүмкіндік болып табылады. Шәкәрім Университеті бізді таңдағанына ризамын» – деді өз сөзінде Доминик Джордан.

Осы айдарда

Back to top button