Мәдениет

Данара дара шықты

«Семей аруы – 2012» байқауында қаланың оншақты сұлуы бақ сынады. Бұл шараны «Іңкәр сезім» этностудиясы өткізді.

Данара дара шықтыҚыздар қазылар алдында ұлттық киімдер мен кешкі көйлектер үлгісін көрсетіп, рухани дүниетанымдарын паш етті.

– Біздің конкурс әлемдегі өзекті проблемаларға арналады. Осы жолы экология тақырыбын таңдап алдық, – дейді «Іңкәр сезім» этностудиясының президенті Гүлнәр Жүнісова.

Кезекті бір көрсетілімдеріне сайысқа қатысушы қыздар жер бетіндегі табиғатты қорғауға шақыратын киім үлгілерін киіп шықты. Сонымен сайыс қорытындысы бойынша бас бәйгені 17 жасар Данара Ақанғали жеңіп алды. Ол енді қазан айының соңында өтетін «Қазақстан аруы – 2012» ұлттық байқауына Семейдің атынан қатысатын болады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button