Білім

Бір студентті шетелде оқытуға келісті

Бір студентті шетелде оқытуға келісті

Глубокое ауданы, Белоусовка кентінде облыстық мәслихаттың депутаты В.Кошелев кенттегі №1 мектептің биылғы бітіруші түлектерімен кездесті. Кездесі дөңгелек үстел отырысы түрінде өтті.
Мектеп басшысы М.Кәрібаева Владимир Кошелевке білім саласындағы стреотиптерді өзгерте отырып, ерекше ізденістермен еңбек етіп жатқан ұжымы туралы баяндап берді. Бұл мектепте оқушылардың өз үкіметі жұмыс істейді: балалар түрлі жобалар қорғап, акциялар өткізсе, мұғалімдер оқытудың сан қилы заманауи технологияларын жүзеге асыру арқылы даму стратегиясын қолданады. Мұнда жаңаша ойлы, креативті көзқарастағы, жоғары интеллектілі және жүйелі жоспар құра отырып, оларын күнделікті өмірге енгізе алатын жастар білім алатындығын бірден-ақ байқауға болатын еді.
Оқушылар депутатты бірден түрлі сұрақтардың астына алды. Ол сұрақтардың дені экология, қалдықтарды қайта өңдеу, қоршаған ортаны абаттандыру, тарихи ескерткіштерді қорғау, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамыту сынды өзекті мәселелерге сайды.
– Мемлекет жастарға тамаша мүмкіндік жасап отыр. Өйткені, сендер оның болашағысыңдар. Сондықтан жақсы білім алып, қажымай-талмай еңбек етуге тиіссіңдер, – деді депутат олардың көптеген сұрақтарына жауап бере келіп.
Өзара пікірталас сыңайында өткен кездесуде Владимир Кошелев «Алтын белгіден» үміткер Алина Егороваға оқудағы үздік жетістіктері үшін соңғы үлгідегі ноутбук сыйлады. Ал депутаттың осынау тамаша бастамасын құптаған облыстың бірқатар ауыл шаруашылығы және қайта өңдеуші кәсіпорындары бір студентті шетелде оқытуға, оның оқу, орналасатын үй жайына, тіпті, білім алатын орнына дейін ұшып бару шығынын да көтеріп алуды көздеп отыр. Тек ол студент оқуын тәмамдаған соң өзі туып-өскен елге оралып, егемен Қазақстанға қызмет етуі тиіс. Мұндай сәтті де бақытты таңдау Валерий Куликинге бұйырды. Ең бастысы, Валерийдің қай оқу орнында оқығысы келетінін өзі таңдауына мүмкіндігі бар. Тек ол инженерлік мамандық болуы керек. Жалпы, олардың барлығы өзара жасалатын келісімшартта көрсетілмек.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button