Мәдениет

Базарға барып, концерт қойды

Биыл Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Асамблеясының Халықтар достығы үйінің құрылғанына 20 жыл толады. Осы атаулы күнге орай кеше Достық үйіндегі әзірбайжан, украин, татар ұлттық мәдени орталықтарының талантты өнерпаздары Өскемен жұртшылығына ерекше сый тарту етті.

Базарға барып, концерт қойдыҚала жұртшылығын айтулы мерейтой жайында құлақтандыру мақсатында өткізілген бұл акция барысында ұлттық киімдерін киген түрлі мәдени орталық өкілдері халық көп шоғырланатын орталық базардың ішінде, Үлбі металлургия зауытының маңында және №3 трамвайда ән-жырдан шашу шашып, жиналғандарды бір серпілтіп тастады.

Достық үйінің директоры Эльдар Төлеубекұлының айтуынша, негізгі шаралар, гала-концерт 2 қазанда «Үлбі» мәдениет үйінде өтеді. Оған барлық өңірлердегі ассамблея, достық үйлерінің басшылары, арнайы шақырылатын құрметті меймандар, ирандықтар мен күрдтердің әйгілі өнерпаз ұжымдары қатысады деп жоспарланып отыр. Мерейтой қарсаңындағы мәдени шаралар этно-ауылда да жалғасын табады.

Айжанат Бақытқызы

Осы айдарда

Back to top button