Қоғам

Айтулы күнді Абай театрында атап өтті

Айтулы күнді Абай театрында атап өтті


Конституция күніне орай Семейдегі Абай театрында мерекелік шара өтті. Оған қала тұрғындары мен қонақтары көп жиналды.

– Елбасының бастамасымен қабылданған Ата Заңымыз мемлекетіміздің құрылымын нығайтып, азаматтардың міндеттері мен құқықтарын айқындап берді. Осынау еліміз үшін аса маңызды мерекемен баршаңызды құттықтаймын, – деді жиында сөз алған Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова.

Бұл салтанатты басқосуда Татарстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарынды балаларға арналған арнайы балет мектебінің» директоры Ками¬лия Исмаилова, қалалық Достық үйіне қарасты Аналар кеңесінің төрайымы Нағима Мойынбаева және басқа да белгілі адамдар жиналған қауымды Конституция күнімен құттықтап, ақжарма тілектерін ақтарды.

– Ата Заң – мемлекетіміздің іргетасы. Бұл мереке бәріміз үшін қастерлі. Сондықтан оны ерекше атап өтуге тырысамыз. Біздің қаладағы дарынды балаларға арналған балет мектебінің «Әлем балалары» хореографиялық би ансамблі Достық үйінде де осы күнге орай көптеген шараларға қатысты. Міне, Абай театрындағы кешке де белсене атсалысып жатыр. Барша отандастарымды мерекемен құттықтаймын, – деді Камилия Исмаилова.

Раушан Қабжанқызы

Осы айдарда

Back to top button