Табиғат

Ауылда “аң патшасы” арыстан жүр (видео)

Алматыға жақын ауылдардың бірінде арыстан жүр. Аңның видеосын Экология министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева әлеуметтік желіге жүктеді.

– Ауылға Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мамандары барды. Бұл видео рас Алматыға жақын елді мекенде түсірілгені анықталды. Қазір «аң патшасының» жағдайы жақсы. Қайда өткізілетіні қарастырылып жатыр. Ал аңның өзі қайдан пайда болды дегенге келсек, оны да полиция анықтауға кірісті. Алдағы уақытта хабарлап отырамыз, – деп жазды баспасөз хатшысы.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button