Табиғат

Көкқұс – жыл құсы атанды

Алты күнге созылған дауыс беру нәтижесінде Қазақстанда жыл құсы болып көкқұс таңдалды.  Дауыс беру 15 қаңтарда аяқталған. Еліміздің оңтүстік өңіріндегі тау өзендерінің  бойын мекен ететін бұл жұдырықтай құс Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Мамандардың айтуынша, көкқұс Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі тау өзендерінің бойын мекен ететін көрінеді. Қыс түскенде оңтүстікке қарай беттейді, алайда біршама бөлігі төмен таулы белдеулерде қыстап қалады екен. Құстарды бақылаушы бёрдвочерлер соңғы жылдары көкқұстың бірлі-жарымы Алматыда қыстайтынын байқапты. Су үстіндегі құздың кертеш жерлерінде, көпірдің тіректерінде және тағы басқа жерлерге ұя салып, 4-6 жұмыртқадан салады. Суда және жерде мекендейтін жәндіктермен,  кесіртке, кеміргіштер, кейде ұсақ құс және балықтармен қоректенеді. Сонымен қатар күзде және қыста жидектерді азық ететін көрінеді.

Жыл құсын Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы мүшелері онлайн дауыс беру арқылы таңдапты.

Былтыр жыл құсы бұлбұл болған еді.

Мейрам Екпін

               

 

Осы айдарда

Back to top button