Мәдениет

Аудан жастары бас қосты

Жақында Ақсуат ауылында Тарбағатай ауданы жастарының VII форумы болып өтті.

Аудан жастары бас қостыФорумның ашылу салтанатына Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Сләмбек Әзімханов, ауылдық округтердің жастар ісі жөніндегі мамандары мен ауылдың белсенді жастары қатысты. Аудандағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға байланысты ұйымдастырылған қоғамдық-саяси маңызды шараларға белсенді қатысқан жастарды аудандық мәслихат хатшысы М.Мағжаев марапаттады.

Сонымен қатар, форум бағдарламасына сәйкес «Мемле-кетіміздегі жастар мәселесіне байланысты қабылданған бағдарламалардың орындалу деңгейі қандай?» атты та-қырыпта пікірсайыс, кіші футбол және үстел теннисінен жарыс болып өтті.

Шара соңында форумға қатысушыларға арнайы кеш ұйымдастырылды.

Тарбағатай ауданы
Амангелді Жанахметов

Осы айдарда

Back to top button