Ауыл шаруашылығы

Ара өсірушілер Украинаға аттанбақ

Ара өсірушілер Украинаға аттанбақШҚ облысының бір топ омарташылары мен осы саланың басы-қасында жүрген біраз мамандар қыркүйек айының 27-28 күндері Украина елінің астанасы – Киевте өтетін әлем омарташыларының 43 конгресіне қатысуға дайындалуда.

– Омарта шаруашылығында орын алып отырған өзекті мәселелерді көтеретін бұл конгресте біздің деле-гацияның да айтар ұсыныс, тілектері көп. Солардың бірі – «Апимондия», «Апиславия» сияқты дүниежүзі омар-ташылары ұйымдарының орта Азия мен Қазақстандағы ара шаруашылығының дамуына тигізер өзіндік ықпа-лын арттырудың мүмкіндіктерін, жолдарын қарастыру. Мың рет естігеннен, бір рет көрген жөн деген, бұл ма-ңызды басқосуға аймақтағы Михайл Гусляков, Виталий Рузанов сияқты бірнеше омарташылар да барғалы отыр, – дейді облыстық омарташылар қауымдастығының төрағасы Абзал Жұмағалиев.

Біздің омарташылар айтулы жиын-да ара тұқымын асылдандыруға, бал өнімдерінің түрін көбейтуге, саладағы басқа да проблемаларға орай көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап іздеп, тәжірибе алмасуды
жоспарлап отыр.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button