Қоғам

«Алтай» бірінші лигаға жолдама алды

«Алтай» бірінші лигаға жолдама алды


Футболдан екінші лига командалары арасындағы ел біріншілігі мәресіне жетті. Барлығы 16 команда қатысқан биылғы доп додасында шығысқазақстандық «Алтай» топ жарып, алдағы маусымда бірінші лигада өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, биылғы чемпионатта «Алтай» 30 ойын өткізіп, оның 22-сінде жеңіске жеткен. Тағы бес ойында тең нәтиже тіркелсе, үш кездесуде қарсыластардың мерейі үстем болған. Жарыс қорытындысы бойынша екінші сатыға алматылық «Қайраттың» жастар командасы тұрақтаса, үздік үштікті шымкенттік «№7 БЖМОРСМ» футболшылары түйіндеді.

Соңғы турда жерлестеріміз өз алаңында солтүстікқазақстандық «Рузаевканы» 1:0 есебімен ұтты. Жеңіс голының авторы – Алексей Мальцев.

Ойыннан кейін жеңімпаз бен жүлдегер командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. «Алтай» клубының капитаны Евгений Кострубке чемпиондық тондо, ал команда ойыншыларына тиісті медальдар табыс етілді.

Жоғарыда айтқанымыздай, осы жеңісінің арқасында «Алтай» келесі маусымда бірінші лигада ойнауға мүмкіндік алып отыр.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button