Мәдениет

«Ағажай-Алтай» фестивалі өтпек

Қыркүйек айының 15-ші жұлдызында кешкі сағат 19.00-де ерке Ертістің жағалауындағы әсем амфитеатрда Өскемен қаласының күні алғаш рет аталып өтілуіне орай Шығыстан шыққан өнер жұлдыздарының қатысуымен І республикалық «Ағажай-Алтай» фестивалі шымылдығын түреді.

«Ағажай-Алтай» фестивалі өтпекФестивальдың мақсаты – Шығыс Қазақстаннан шыққан елге танымал жандардың басын қосып шара өткізу арқылы облыстың беделін арттыру, тұрғындардың рухани деңгейін көтеру, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу болып табылады.

Сонымен қатар, дарынды тұлғалардың шығармашылық мұрасын байыптап, көпшілік қауымға кеңінен танымал ету, спортшыларды, әдебиет пен өнер өкілдерін ынталандыру, құрмет көрсету болып табылады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button