Оқиғалар

Жоғалған баланы он бес минутта тапты

Өскемен полицейлері жоғалған бес жасар баланы он бес минут өтпей тауып, аман-есен анасына табыстады.

21 желтоқсанда сағат кешкі бестен кейін, көз байланған шақта «102» жедел арнасына 26 жастағы жергілікті тұрғыннан бес жастағы ұлын іздеуге көмектесу туралы өтініш түседі. Әйелдің айтуынша, бала көліктен шығып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Баланы іздеуге қалалық полиция басқармасының барлық жеке құрамы дереу жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары ол туралы қандай да бір ақпарат білетін таныстары мен куәгерлерден сұрау жүргізді, аулалар мен саябақтарды, жастар жиналатын орындарды, дәмханаларды мұқият тексеріп, қаланың барлық көшелеріндегі бейнебақылау камераларының жазбасын қарады.

– 15 минуттан кейін Боран-1 патрульдік экипажының қызметкерлері, аға лейтенанттар Дамир Ауғанбаев пен Жасұлан  Дәулетханов Горький көшесінде орналасқан университеттің маңынан жоғалған баланы тапты, – дейді Өскемен қаласы полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Андрей Мула.

Табылған баланың анасы полиция қызметкерлеріне және іздестіруге қатысқан барлық азаматтарға үлкен алғысын білдірді.

 Кәмал Естай

Осы айдарда

Back to top button