Жаңалықтар

Трамвайыңызды танымай қалып жүрмеңіз

Енді Өскеменде жүретін жарнама жапсырған трамвайлар жаңа кейіпке енеді. Аялдамада тұрып трамвайыңызды танымай қалуыңыз әбден мүмкін. 

Естеріңізде болса, 2020 жылы қаладағы трамвай рельстері жөндеуден өтіп, апаттық жағдайдағы 12 бағыттаушы жиынтық ауыстырылған болатын. Биыл трамвайлардың орындықтары, дөңгелектері, панелі ауыстырылады. Сондай-ақ трамвайлардың ішіндегі шамдары да жаңартылады.

– Желілік тізбектер жөнделеді. Трамвайлардың сыртындағы ұсқынсыз жарнамаларды алып тастаймыз. Әзірше қандай үлгіде болатынын кесіп айта алмаймыз. Себебі бөлінетін қаражатқа байланысты, – деді қала әкімінің кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетов.

Айта кетейік, ресми ақпарат бойынша, 6 қаңтардан бастап трамвай ішінде электронды билеттендіру жүйесі іске қосылады.

Балауса Қожаева

 

Осы айдарда

Back to top button