Экономика

Таза пайда үш есе өсті

«Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамының ұжымы биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша таза пайданы үш есе өсіруге қол жеткізді.

Таза пайда үш есе өстіОсы мерзім аралығында кіріс 1,627 млрд. теңгені құрады. Ал өткен жылдың салыстырмалы мерзіміндегі көрсеткіш 549 млн. теңге болатын.

Бұл кәсіпорын негізінен авиациялық және басқа да салаларға арналған жоғары сапалы кеуекті титан және магний өндірумен айналысады. Оның өнімдері тек қана экспортқа бағдарланған.

Кәсіпорын басшылығы өнім сапасын арттырып, оны халықаралық стандарттарға сай шығаруға, технологиялық үдерістерді жетілдіруге жете мән беріп келеді. Сондай-ақ, сертификаттау жүйелері енгізілген. Оған қоса еңбекті қорғау, жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту бағытында нақтылы шаралар іске асырылуда. Соның нәтижесінде олар осындай табыстарға қол жеткізіп отыр. «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ «Алтын сапа» сыйлығының «Индустриялдық серпін» аталымында Елбасы тағайындаған арнайы жүлденің лауреаты атанған болатын.

Әлімжан Қадылбекұлы

Осы айдарда

Back to top button