Экономика

Тас көмірден тарықпайтын болдық

Өскемен қаласының әкімдігі мен «Қаражыра ЛТД» ЖШС директоры Марғұлан Макишев арасында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға жеңілдетілген бағаға көмір жеткізу жөнінде меморандумға қол қойылды.

Тас көмірден тарықпайтын болдықЕстеріңізге салсақ, қала әкімдігі мен аталған серіктестік арасында алғаш рет осы бағыттағы меморандум 2009 жылы жасалған. Одан бергі үш жылда Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектер, көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылар 106 мың тонна қатты отынмен қамтылған, яғни, 17603 адам нарықтық бағадан 500 теңгеге арзан көмірге қол жеткізген.

– Енді біз көмірді көліктермен тасымалдау құнын төмендету жағын қарастырамыз. Бұл тапсырма көмір тарату ісін қадағалайтын «Өскемен интернационалист-жауынгерлер одағы» қоғамдық бірлестігіне жүктеледі. Бүгінге дейін тұрғындар тарапынан ешқандай шағым түскен жоқ, – дейді Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев.

2012 жылы аз қамтылған отбасылар мен тиісті топқа жататын басқа да өскемендіктер бағасы төмендетілген 40 мың тонна қатты отынмен қамтылмақ.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button