Мәдениет

Сөз зергері оқырманмен кездесті

А.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жазушы-драматург, халықаралық ақпарат академиясының академигі, жерлесіміз, Қ.Сәтпаев, Е.Бекмаханов, Е.Бөкетов сынды қазақтың біртуар перзенттері туралы кітаптар жазған Медеу Сәрсекемен кездесу өтті.

Сөз зергері оқырманмен кездестіМәселен, жазушы Қаныш Сәтпаевты 40 жылдан аса, Е.Бекмахановты 12 жылдан аса уақыт зерттеген екен. Оның «Көрінбестің көлеңкесі», «Жетінші толқын», «От және атом» сынды ғылыми-фантастикалық повестері қиял-ғажайыптар әлеміне жол ашады. Осы жолы жазушы шығармашылығына арналған «Алыптарды арқалаған жазушы» атты кітап көрмесі оқырмандар көңілінен шықты.

Кітапхана ұжымы кездесуге келген қонақтарға қаламгердің «Евней Букетов» кітабын, Семейден ат терлетіп келген қаламгерлерге облыс әкімдігінің демеушілігімен жарық көрген «Алтай-Ертіс» сериясының 20 томдығын сыйлады.

Зиза Мұхтарханқызы

Өскемен.

Осы айдарда

Back to top button