Экономика

Су электр стансасы салынады

Биыл Зырян ауданындағы Тұрғысын өзенінде шағын гидроэлектр стансасының құрылысы басталады.

Су электр стансасы салынадыҚазіргі уақытта Алматыдағы «Энергия әлемі» компаниясының мамандары оның жобасын жасаумен айналысуда. Құрылыс-монтаж жұмыстарына конкурс жарияланды. Гидроэлектр стансасының жобалық қуаты 18,7 МВт. Іске қосылғанда электр энергиясымен Зырян ауданының тұтыну сұранысын толықтай жабуға болады екен.

Облыстың жарық тұтыну деңгейінің өсуі электр желісі шаруашылығын дамыту қажеттілігін туындатып отыр. «Энергия әлемі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі гидроэлектр стансасының құрылысын жүргізуге шамамен үш миллиард теңге жұмсауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ өңірдің су-энергетикалық қорына сараптама жасалып, шағын су-электр станцияларын салу мүмкіндіктері анықталды. Соған сәйкес шағын энергетиканы дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыс әкімшілігі тағы осындай он шағын гидроэлектр стансасының құрылысына инвестор тартуды қарастырып жатыр.

Әлімжан Қадылбекұлы

Зырян ауданы.

Осы айдарда

Back to top button