Оқиғалар

Үржарда тағы да аусыл шықты

Үржар ауданында тағы да аусыл індетінің таралу оқиғасы тіркелді. Тағы да деп отырғанымыз, аталған өңірде бұған дейін аты жаман аурудан біраз тұяқ шығынға ұшыраған болатын.

Үржарда тағы да аусыл шықтыОблыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, Қаратал, Бекет және Мақаншы елді мекендерінде анықталған індет ошағында шамамен 277-дей ірі қара мал басы бар көрінеді.

Астанадағы Ұлттық референт орталығы жүргізген сараптаманың нәтижесіне сәйкес, аусыл індетінің белгілері бойынша 11 бас малдан алынған сынама жеті ірі қараның дертке шалдыққанын растаған.

Қазіргі уақытта індет ошақтарында карантиндік шаралар жүргізілуде. Каратал, Бекет және Биебау ауылдарының маңында бекеттер орналастырылған. Малдарды және мал өнімдерін тасымалдау тоқталды. Мал дәрігерлерімен емдік-оңалту шаралары және егу жұмыстары шұғыл қолға алынған.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button