ТОПТөтенше жағдай

Риддердегі өрт жайлы

ШҚО-дағы Лесхоз кентіндегі өрт ошағына облыс әкімі Даниал Ахметов барып, қаза тапқан Галина Спивакованың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтармен кездесті.

 

–  Үкімет пен облыс әкімдігі тарапынан сіздерге жан-жақты қолдау мен көмек көрсетіледі! Өрттен зардап шеккендердің барлығы баспана алады! Бұл жұмыс ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше бақылауында екенін атап өткім келеді, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

 

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің айтуынша, тұрғын үй мәселесін толық шешу үшін жергілікті атқарушы органдарға екі жарым ай қажет.

 

– Тұрғындармен кездесу барысында жұмыс жоспарына тоқталып, барлық жағдайды бүкпесіз баяндап бердім. Риддерде салынып бітпеген бірнеше көпқабатты үйлер бар, оларды біз сатып алып, құрылысын аяқтауды межеге алып отырмыз. Бұл баспаналар кірпіштен жасалған, бүгін кездесуден кейін біреуінің жағдайын жеке өзім барып көрдім. Таңертең құрылыс компанияларымен бірге қалған үйлерді бағалап шығамыз, – деді өңір басшысы.

184270856_495402584976604_6844332045388590259_n.jpg

 

 

Сонымен қатар, кімде-кім көпқабатты тұрғын үйден бас тартса және ескісін жөндеуді талап етсе, ШҚО билігі оны да жөндеп бермек.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button