ОқиғаларТОП

“Құтқарушылардың бірі ұяң екен”

Қала тұрғындары Ертіс көпірінен секіргелі тұрған әйелді аман алып қалды.

Полиция департаментінің ақпараты бойынша, 55 жастағы өскемендік әйел өмірмен хош айтысуға бекіген. Көпірдің жақтауынан асып түскен ол сәл болмағанда қарғып кеткелі тұрған.

Бұл сәтте арнайы құтқару тобы қайықпен өзенде тосып алуға шыққан. Бірақ олардан бұрын көлік тізгіндеген екі азамат тоқтап, әйелді ұстап қалған.

– Көмекке ұмтылған екі азаматтың бірі – Дидар Адиков (суретте – ред.). Ол “ТМК” компаниясында краншы. Ал екінші адам ұяң екен. Ешқандай мәлімет қалдырмай, “Газель” көлігіне отырып кетіп қалыпты, – дейді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button