Мәдениет

Ұлықбек Есдәулет – Л.Толстой атындағы медальдың иегері

Жуықта Қазақстан мен Ресейдің бірлескен қоғамдық кеңесі біздің елдің бірқатар ақын-жазушыларына Ресей Федерациясының қоғамдық наградаларын табыс етті.

Ұлықбек Есдәулет – Л.Толстой атындағы медальдың иегеріРесейдегі Қазақстан елшілігінің келісімімен және «Литературная газета» мен «Дружба народов» журналының мониторингі негізінде жүзеге асқан бұл шара ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған-ды. Екі елдің танымал қайраткерлері төрелік еткен кеңестің шешімі бойынша қазақтың бірнеше жазушысы Лев Толстой атындағы медальды кеудесіне тақты. Оның ішінде жерлесіміз, белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ұлықбек Есдәулет те бар. Әріптесімізді табысымен құттықтап, шығармашылығына шалқар шабыт тілейміз.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button