Оқиғалар

Кеніштен өлі күйінде табылған

Қарашаның 17-сі күні Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі кеніштен 40 жастағы ер адамның мәйіті табылған. Марқұм Өскеменнен іссапарға жіберілген Омаров атындағы шахта үңгілеу тресінің қызметкері болып шықты.

«Қазақмыс» корпорациясы кеніштерінің бірінде пышақ жарақатынан көз жұмған ер адамның мәйіті табылған. Мәйіт «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жомарт» кенішінен табылды. Марқұм Өскеменнен іссапарға жіберілген Омаров атындағы шахта үңгілеу тресінің қызметкері болған. «Жомарт» кеніші Жезқазғаннан 300 км қашықтықта орналасқан.

«17 қарашада «Қазақмыс» корпорациясы кенішінің аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар 40 жастағы ер адамның мәйіті табылған. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша «Кісі өлтіру» СДТБТ-да тіркелген. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдікті адамдарды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», деп хабарлайды Ұлытау облысының ПД-ның баспасөз қызметі.

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button