Оқиғалар

Кембағал жандарды алдаған алаяқ ұсталды

«Алаяқ риэлтор» Юлия Михельге қатысты қылмыстық іс аяқталды. Ол 2010 жылы Өскемендегі тұрғын үй нарығында тапсырыс берушілерге төмен бағамен қозғалмайтын мүлік иеленуге құқықтық көмек көрсету қызметін жүзеге асырып, алдау және сенімге қиянат келтіру арқылы бірқатар алаяқтық әрекет жасап (жиыны 17 эпизод), сол арқылы азаматтардың жалпы сомасы 33 790 000 теңге қаражаттарын жымқырған.

Кембағал жандарды алдаған алаяқ ұсталдыЮ.Михель өзінің қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында «Шығысқазақстандық құқықтық қызмет көрсету агенттігі» ЖШС-ін құрған. Сонымен қатар пайда табу мақсатымен жәбірленушілерді алдай отырып, пәтер сатумен айналысып, аралары жақын уақыттарда бір пәтерді бірнеше сатып алушыларға сатқан. Ол үшін заңды күші жоқ, жалған қолхаттар, келісімшарттар жасап, негізінен тұрғындардың әлсіз бөлігінің (мүгедектер, зейнеткерлер) құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған.

Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен Юлия Михель Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабы 3 бөлігі «б» тармағы бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, жалпы режимдегі түзеу колониясына 6 жыл 7 айға сотталды.

Жәбірленушілердің материалдық және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талаптары 36 319 438 теңге мөлшерінде ішінара қанағаттандырылды. Бірінші сот сатысының үкімі заңды күшіне енді.

Облыстық соттың баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button