Жаңалықтар

Гранттық жобалар туралы семинар өтті

15 ақпанда “өңірлердегі Министрлік күндері” шеңберінде стратегиялық сессиялар өтті.
Азаматтық қоғам саласында азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Г.Б. Сұлтанованың төрағалығымен “Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру жобаларын іске асыру”тақырыптары талқыланды. Семинарға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Қарағанды облысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында гранттық жобалар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларының конкурстық рәсімдері мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға түсініктеме берілді, сондай-ақ заңнама нормаларын жетілдіру бойынша түсініктемелер берілді.
Осылайша Б. Сұлтановаға гранттық қаржыландырудың қабылданған ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ, “мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, ҮЕҰ үшін гранттар және сыйлықақылар туралы” ҚР Заңына болжамды өзгерістер шеңберінде гранттарды градуирлеу жүйесін енгізу жоспарланып отыр, бұл гранттық жобаны іске асыру кезеңін, конкурстық рәсімдердің талаптарын, жобалар бойынша есептілікті бөлуге, іске асырылатын жобалардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Семинарға ішкі саясат басқармасының өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button