Мәдениет

Ертістің жағасына әлемнің мүсіншілері келді

Облыс орталығында жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан мүсіншілердің III халықаралық симпозиумы басталды.

Ертістің жағасына әлемнің мүсіншілері келдіӘлемнің түкпір-түкпірінен жиналған шеберлердің саны – жылдағыдай жиырма. Бұл жолы бізге Швейцариядан, Тайваннан, Бельгиядан, Испаниядан, Америкадан, Мысырдан төрткүл дүниеге танымал мүсіншілер келді. Симпозиум бір айға созылып, тамыз айының 15-інде мәресіне жетпек. Ұлан ауданынан әкелінген гранит тастардан талғамды дүниелер жасап шығаратын шеберлер өз жұмыстарына кірісіп те кетті. Әр мүсіншіге берілетін тастың көлемі шамамен екі текше метр.

Бірінші орын қоры 1500 000 теңге, екінші орын 750 000 (екі жүлде), үшінші орын алған мүсінші 450 000 (үш жүлде) теңге сыйлыққа ие болады деп жоспарланыпты.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button