Мәдениет

Ең маңызды тарихи оқиғалар айшықталған

Өскемендік оқушылардың «Қазақстан тарихының кезеңдері» тақырыбына салған суреттері «Қазақстан» жазуы жазылған Ботбай тауына қойылатын болады.

Ең маңызды тарихи оқиғалар айшықталғанМемлекеттік рәміздердің 20 жылдығына облыс орталығы осылайша дайындалуда. Байқау жастарға ел тарихын ақтаруға, өздері үшін жаңалық ашуға, соңғы 20 жылда болған оқиғаларды жақсы ұғынуға мүмкіндік берді. Суреттерді қаланың балабақшалары мен мектептерінен 6-дан 17 жасқа дейінгі 1500 бала салған. Алайда, қазылар алқасының назарына олардың 500-і іріктеліп алыныпты. Нәтижесінде 180 сурет үздік деп танылған.

Байқауды ұйымдастыруға Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ тарихшылары көмек көрсеткен, олар балаларға тақырып ретінде ел мен қала тарихындағы ең маңызды 20 оқиғаны таңдап берген-ді.

– Біз Тәуелсіздік жылдары орын алған ең маңызды деген сәттерді таңдауға тырыстық, – дейді Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Альбина Жанбосынова, – атап айтсақ, Семей полигонының жабылуы, тұңғыш қазақ ғарышкерінің ұшуы, төл теңгеміздің айналымға енгізілуі, аймақ тарихынан «Жеңіс» мемориалының, Абай мен Пушкинге, Қасым Қайсеновке арналған ескерткіштердің ашылуы және басқалар.

Балалардың ең үздік суреттері Қазақстан тауына көтеретін баспалдақтар бойына орнатылатын болады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button