Руханият

Балалар жазушысы Өскеменге келіп қайтты

Балалар жазушысы Өскеменге келіп қайтты

Өскемен қаласындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының арнайы шақыруымен ресейлік балалар жазушысы Дмитрий Емец шаһарға қонаққа келді.
Кездесуге келген балалар мен ата-аналар Таня Гроттер, Мефодий Буслаев туралы өздеріне мәлім кітап топтамаларының және «Шныр» кітаптарының авторын жылы қарсы алды. Кездесуден кейін жазушымен баспасөз мәслихаты өткізілді. Оған шығармашылығы балалар әдебиетімен байланысты жерлес жазушылар мен Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің студенттері, сондай-ақ, қаладағы кітап дїкендерінің иелері қатысты.
Баспасөз мәслихатының соңында жазушыға оның шығармашылығы мен жеке өміріне қатысты сұрақтар қойылды. Қазақ еліне алғаш келген жазушы тек қала оқырмандарымен кездесіп қоймай, Глубокое, Шемонаиха аудандарының оқырмандарымен де қызықты кездесулер өткізді. Бұдан кейін облыстық драма театрында көпбалалы жанұялар мен аз қамтылған отбасындағы балалар їшін арнайы кездесу ұйымдастырылды.
«Дмитрий Емец шығармаларының құпиясы мен сиқырлы кїші» атты көрме де өтті. Балалар жазушының кітаптарымен танысты, оның шығармалары қандай топтамаларға біріктірілгенін және қаламгердің өз шығармаларына қандай тақырыптарды арқау еткенін білді. Балаларға Дмитрий Емецтің «әзіл-оспақты фэнтези» жанрында жазатыны белгілі болды.
Жазушы «Жазғы оқу-2015» сайысының қорытындысына да қатысты. Жаз бойы балдырғандар көңілді айдаһар Пыхалкамен бірге кітап оқыды, сурет салды, қолөнер бұйымдарын жасады, тапсырмалар орындады. Ал орта буын сыныптарының оқушылары «Сен, мен және бәрі, бәрі фантастика елінде…» атты шығармашылық жұмыстар сайысына қатысты.
«Айдаһар Пыхалканың ғажайып сандықшасы» атты сайыста тїрлі аталымдарда қала мектептерінің 9 оқушысы жеңімпаз атанды. Шығармашылық жұмыстар сайысында №34 гимназияның 5 «В» сынып оқушысы Илья Зубков жеңімпаз болды. Балалардың барлығына Д.Емецтің қолтаңбасы жазылған кітаптар сыйға тартылды.

Элмира Шағыраева
Өскемен.

Осы айдарда

Back to top button