Экономика

Азық-түлік бағасы тұрақты

Облыстық қоғамдық кеңес пен ардагерлер кеңесі өкілдерінің ағымдағы жылғы сәуір айында өткізген негізгі азық-түлік тауарларына бағалар мониторингісінің қорытындылары көрсеткендей, сиыр етінің бағасы 15,3%, сары май 1,8%-дан 4,7%-ға, майлылығы 2,5% пастерленген сүт 13,3%-дан 20,6%-ға, сәбіз 8,6%-дан 22,2%-ға, бірінші сұрыпты бидай 12,5% және жұмыртқа 7,9%-дан 17,3%-ға дейін арзандаған.

Азық-түлік бағасы тұрақтыОрамжапырақ бағасы 20%-ға өсіп, 60–62 теңгені құрады. «Жәрдем» базарында өңірлік тұрақтандыру қорының өнімдері сатылатынын есепке алғанда, орамжапырақтың 1 килограмының құны 25 теңгені құрайды немесе 58,3%-ға арзан, сондай-ақ «Жәрдем» базарында «Ақмаржан» күрішіне де бағалар тұрақты болып қалып отыр (120 теңге).

Қанттың 1 килограмының бағасы 175-тен 182 теңге аралығында, бұл ретте «Жәрдем» базарында аталған өнімнің бағасы тұрақты болып қалуда және 150 теңгені құрайды.

2012 жылдың 1-сәуірімен салыстырғанда құс етінің 1 килограмының құны 12% өсті және 645 теңгені құрады.

Картоп пен пияз бағасының 8% өсуі тіркелген, олардың 1 килограмы тиісінше 70 және 65 теңгені құрайды. Қызылшаның 1 килограмының бағасы тұрақты болып қалуда (68–70 теңге).

Өңірде инфляцияның негізгі тежеуші факторы облыстың жергілікті атқарушы органдарының атқарып отырған жұмысы болып табылады. Төмендетілген бағадағы тауарларды жеткізу және сату туралы шарттар, меморандумдар жасалады, әр сенбіде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың басынан бері облыста 133 жәрмеңке өткізілді, онда жалпы құны 396,1 млн. теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды. Жәрмеңкеде өнімдер базардағыдан төмен бағада делдалдарсыз саудаланды.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button