COVID-19 

Ауыл тұрғындары екпе алды

Азамат Темірбеков

Глубокое ауданында коронавирус инфекциясына қарсы екпе салумен айналысатын  жылжымалы медициналық орталық үш елді мекенде болып қайтты.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта аудан аумағында жылжымалы медициналық орталық жұмысын жалғастырып жатыр. Тамыз айының екінші аптасында Опытное поле ауылында болып қайтқан орталық мамандары жергілікті 30 тұрғынға вакцинаның бірінші компонентін салды.

Келесі кезекте Белоусовка кентіне барған аталмыш орталық елді мекен ішіндегі базардың маңында жұмыс істеп, нәтижесінде 35 адамның қауіпті індетке қарсы екпе алуына мүмкіндік жасады. 15 тамызда жылжымалы кешен Глубокое кентінде болып, коронавирусқа қарсы вакцинаны салды.

Бұған дейін Абай атындағы Мәдениет үйінің мобильді бригадасы жылжымалы медициналық вакцинациялау станциясымен бірге аудан тұрғындары арасында екпе алу бойынша ақпараттық -түсіндіру жұмыстарын жүргізетіні туралы хабарланған болатын.

Осы айдарда

Back to top button