Мәдениет

Ауыл кітапханаларына ақша бөлінді

Соңғы жиырма жылдан бері биыл бірінші рет ауылдық кітапханаларды кітаппен толықтыруға облыстық бюджеттен 30 миллион теңге қаржы бөлінді.

Ауыл кітапханаларына ақша бөліндіОсының арқасында облысымыздағы ауылдық жерлердегі әрбір кітапханаға 125 кітаптан тимек. Тағы бір қуаныш – сатылып алынатын осы кітаптардың барлығы да тек мемлекеттік тілде болмақ.

Облыстық мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омар жақында тірек ауылдарының әкімдері қатысқан семинарда осылай деді. Оның айтуынша, облысымыздағы тірек ауылдар қатарындағы 38 елді мекеннің 36-сында кітапхана бар. Алайда олардың ішінде тек үшеуінің ғана жеке ғимараты бар, қалғандары әкімдіктер мен мәдениет үйлерінде, мектептерде орналасқан. Ал екі ауылда мүлде жоқ. Кітаптар қоры мен мерзімдік баспасөз сандары да бекітілген стандарттан әлдеқайда төмен.

Ауыл кітапханаларының мұнан басқа да мұңдары жеткілікті. Ал оның қорын толықтырудың қайтадан қолға алынуы рухани ордаларды қайтадан жаңғыртудың басы болмақ.

Еркінбек Асқарұлы

Осы айдарда

Back to top button