Оқиғалар

Ау сатқыш азаматтың өзі «ауға» түсті

Облыстық қаржы полициясы Қытайда шығарылатын балық аулау торын заңсыз саудалау дерегін анықтады. Айта кетейік, мұндай аулар балық шаруашылығына, жалпы судағы биоәлемнің өсіп, өркендеуіне айтарлықтай зиян келтіретіндіктен ел ішінде және Кедендік одақ аумағында пайдалануға, саудалауға тыйым салынған.

Ау сатқыш азаматтың өзі «ауға» түстіРесми мәліметтерге сенсек, арнайы жоспарланған іс-шара барысында қаржы полициясының өкілдері Ву Менгшенг есімді қытай азаматынан синтетикалық нейлонды полиамидті монониттен жасалған балық ауының екі қабын 99 мың теңгеге сатып алған. Ары қарай тексеру кезінде қытай кәсіпкері тоқтаған Өскемендегі «Турист» қонақүйінен 791 қап табылған. Есеп жүргізу нәтижесінде құны 39,5 миллион теңгеден асатын 19 775 балық ауы нақтыланды.

Қазір аталған қытай азаматына қатысты заңсыз тауар тасымалдау дерегі бойынша тексерулер жүргізілуде. Әзірге Ву Менгшенг еліміздің көші-қон заңын бұзғаны үшін әкімшілік сотпен ұсталды.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button