Мәдениет

Қариялардың батасын алып қайтты

«Атамұра» ансамблі Шемонайха ауданында орналасқан «Уба» шипажайындағы қариялардың көңілін көтеріп қайтты.

Қариялардың батасын алып қайттыӨнерпаздарды облыстық ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Жаңабай Әшімов бастап барған-ды. Тыңдармандар бір жарым сағат бойы шырқалған әуезді әндерді ерекше жылы қабылдап, «жиі-жиі келіп тұрсаңыздар» деген тілектерін білдірумен қатар ақ баталарын берді.

Аталған шараның өткізілуіне мұрындық болып жүрген шипажай директоры Мұратбек Айылбаев әншілердің өз өтінішіне құлақ асқандарына ризашылығын білдіре келіп, қариялар үйінің жанынан 100 кісілік қосымша ғимарат салып жатқандарын да айтып өтті. Заманауи тұрғыдағы ғимараттың құрылысы аяқталуға таяп қалыпты. Бұл кешен қолданысқа берілген кезде шипажайда ем қабылдаушылардың саны екі есеге жуық өседі деп күтілуде.

Ансамбль ұжымы шипажайға барған сапардан ерекше әсерге бөленіп қайтты.

Ерболат Сәдуақасов,
«Атамұра» ансамблінің жетекшісі

Өскемен.

Осы айдарда

Back to top button