Қоғам

Жыл аяғына дейін 7 жоба жүзеге асады

Жыл аяғына дейін 7 жоба жүзеге асады


Өңірімізде Индустрияландыру картасының аясында инвестициялық көлемі 891,3 миллиард теңгені құрайтын 76 жоба жүзеге асырылмақ.
Жаңа өндіріс орындарын ашуды көздейтін екі жоба республикалық Индустрияландыру картасына енеді.
Мұның бірі – жылына 120 мың автомобиль шығаратын, автокомпоненттер өндіретін (жобасының жалпы құны – 112830 миллион теңге) технопаркі бар толық циклді автомобиль зауыты. Екіншісі – жылдық жобалық қуаты 250 мың тонна мыс концентраты және 25 мың тонна катодты мыс (364000 миллион теңге) болатын Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының құрылысы жұмыстарын аяқтау. Бұл кәсіпорындар 2018 жылы іске қосылмақ.

Аймақтық картада бұдан басқа 74 жоба бар. Оның 64-і жаңа нысандарды пайдалануға беруді көздейді. Қалғандары кәсіпорындарды жетілдіруге және қайта жарақтауға бағытталған.

Қазіргі таңда 236 миллиард теңгенің 48 жобасы жүзеге асырылып, іске қосылған. Осының нәтижесінде 7000 жұмыс орны ашылған. Үстіміздегі жылы 5,5 миллиард теңгенің жеті жобасын енгізу ұйғарылып отыр. Бұл 435 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін болады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button