Қоғам

Жаңа туындымен толықты

Жаңа туындымен толықты


Еліміздегі Швеция елшісі Христиан Камилл Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің қорына суретші Туве Крабоның картинасын тарту етті.

Семей полигонының зардаптарын бейнелейтін шығармашылық туындыны тамашалап қайтқан қала тұрғындары шетелдік қылқалам шеберінің картинасына оң бағаларын берді.

– Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалған Қазақстанды әлем халқы мойындап үлгерді. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің жемісі деп білемін, – дейді Христиан Камилл.

Семейге жұмыс сапарымен келген еліміздегі Швеция елшісіне алғыс білдірген музей басшылығы алдағы уақытта екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастың нығая түсетініне сенім білдірді.

Ажар Сағатбекова

Осы айдарда

Back to top button