Қоғам

Шымкенттен алты жүлде әкелді

Шымкенттен алты жүлде әкелді


Шығысқазақстандық балуандар Шымкентте еркін және әйелдер күресінен өткен республикалық турнирден жүлделі оралды. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 200-ден астам балуан қатысқан байрақты бәсекеде 2000-2002 жылғы жасөспірімдер өзара бақ сынасты. Осы турнирде өңіріміздің намысын алты бірдей спортшы қорғаған.

Қажымұқан Мұңайтпасовты еске алуға арналған турнирде халықаралық жарыстарға берілетін жолдамалар сарапқа салынды. Қыздар арасындағы сайыста 60 келі салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз Жанерке Тынысбекова алтын медальға қол жеткізді. Сондай-ақ 40 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан Әсем Түсіпқанова мен 60 келі салмақ дәрежесінде күрескен Құралай Нұрмұхамбетова үздік үштікке кірді.

– Дүбірлі додаға қатысқан балуандардың ешқайсысы осал емес. Барлығы да күрестіің жілігін шағып, майын ішкен шеберлер. Жарыс барысында тәжірибелері мол балуандар бір-бірінің айла-тәсілдерін әбден меңгергендері көрініп тұрды. Жалпы, бұл бәсекеге іріктелген балуандардың дайындықтары әртүрлі болғанымен, боз кілемдегі белдесулер аса тартысты өтті, – дейді Жанерке Тынысбекова.

Ерлер арасындағы бәсекеде 42 келі салмақ дәрежесінде белдескен балуандарымыз Әділжан Қонысбеков пен Сұлтан Құрманғалиев сәйкесінше күміс және қола медальдарға қол жеткізді. Ал 69 келіде облыс намысын қорғаған жерлесіміз Айбар Жылқыайдаров үшінші орынға тұрақтады.

Ажар Мұратқызы

Осы айдарда

Back to top button