Саясат

Швециялық депутаттар «Токамакқа» ерекше қызығушылық танытты

Швеция Парламентінің спикері Урбан Алин бастаған осы елдің ресми делегациясы алдымен Өскеменге келді.
Жоғары мәртебелі меймандарды әуежайдан Парламент Мәжілісінің депутаттары мен облыс басшылығы күтіп алды. Шығыс Қазақстанға сапары барысында скандинавтық делегация мүшелеріне ТМД аумағындағы алпауыт кәсіпорынның бірінен саналатын «ҮМЗ» АҚ-ның жұмысы, оның тарихы мен уран, бериллий, тантал және ниобий өндірісіндегі жеткен жетістіктері таныстырылды.
– 2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Қазақстан аумағын төмен байытылған уран банкін орналастыруға болатын алаң ретінде пайдалану жөнінде ұсыныс жасаған. Банкті орналастыруға жарамды екі жер айтылған. Соның бірі – осы «ҮМЗ» АҚ. Артынша таңдау біздің зауытқа түсті. 2015 жылы МАГАТЭ-мен тиісті келісімшарт жасалды. Бұл ТМД елдері үшін ғана емес, бүкіл әлем қауымдастығы үшін маңызы зор оқиға болды. Бұдан былай өз атом энергетикасын дамытуға бел буған кез келген мемлекет біздегі банктен төмен байытылған уран ала алады. Бұл ядролық қару таратпаудағы елеулі бастама, айтулы жеңіс, – деді қонақтарды кәсіпорын жұмысымен таныстыра келе «ҮМЗ» АҚ басқарма төрағасы Юрий Шахворостов.
Зауытты аралап көрген шведтік қонақтар кәсіпорын әлеуетіне қатысты таңданысын жасырмады. Мұны ҮМЗ-нің тілектер кітабына өз ойын қалдырған Швеция Парламентінің спикері Урбан Алиннің пікірінен де аңғаруға болады. «ҮМЗ тарихы мен мұндағы сирек металдар өндірудегі жетістіктер шын мәнінде таңғалдырады» деп жазды ол.
Швеция Парламентінің спикері Урбан Алин ең алдымен Семей ядролық сынақ полигонының аумағында пайда болған «Тәжірибе алаңында» болды. Содан кейін сынақ алаңының мұражайын аралады. Сондай-ақ, тұсауы «ЭКСПО-2017»-де кесілген жаңа технология, күн қуатты «Токамактың» жұмысымен танысты. Шетелден ат арытып келген меймандарға облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ пен Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Эрлан Батырбеков Қазақстанның бейбіт атомды жетілдіру бағытындағы жұмыстарын көрсетті. Елбасының осы бағыттағы тапсырмасын орындауға орай жасыл технологияны қалай жетілдіріп жатқандықтарымен таныстырды.
Курчатовқа келген Швеция Парламентінің депутаттар делегациясы «Тәжірибе алаңындағы» Атом көлінде болғаннан кейін таңғажайып көріністердің куәлеріндей әсер алып қалдық десті. Себебі Атом көлінің экологиялық жайын ғалымдар толық зерттеген екен. Көл сынақ жарылыстарының салдарынан пайда болғанына қарамастан, суы мөп-мөлдір, тап-таза. Тіпті, Атом көлінде шомылып, осындағы жүзіп жүрген балықтарды аулап, жеуге де болады.
Ал Семей ядролық сынақ полигонының мұражайында Урбан Алин атом бомбасын іске қосатын пульттің қасында естелік суретке түсіп, полигон тарихына орай жасалған экскурсияны қалт жібермей тыңдады. Тіпті, ол полигон құрбандары болған адамдар, малдар, өсімдіктер жайында естіп, деректер арқылы көрген кезде таңғалып еріксіз бас шайқады.
Дегенмен, Швеция елінің өкілдері үшін ең қызықты дүние «Токамак КТМ» болды. Бұл Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің басты экспонаты екен. Халықаралық көрмеде тұңғыш тұсауы кесілгендігі соның айқын дәлелі. «Токамак КТМ» – Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жеке жобасы. Елбасы бұл жобаны сонау 1998 жылы ойлап тауып, қолға алғандығын ерекше атап өткен жөн. Бас кезінде адам сенбес оқиға болып көрінгенмен, жылдар өте келе, міне, бұл да бүкіл әлем таныған, мойындаған өмір шындығына айналып отыр. Ұлттық ядролық орталықтағы «Плазмофизикалық заттар мен оларды зерттеуге арналған» зертхана бастығы Бауыржан Шектібаевтың айтуынша, көрмеде бұл экспонаттың бірінші бөлігі іске қосылды. Алдағы уақытта жылдың аяғына қарай «Токамак КТМ» бұдан да жоғары көрсеткішпен жұмыс істейтін болмақ.
-Себебі, мұндай қондырғылар өзінің қуатты күшіне жылдап енеді, жыл сайын оның бір бөліктері іске қосылып, ең соңында толық қуатында жұмыс істейтін болады,-дейді Бауыржан Шектібаев. – «Токамак» түгелдей іске қосылған соң, термоядролық реакторларды сынақтан осында өткізетін боламыз. Бұл қазірде термоядролық синтез алдында тұрған актульды мәселенің бірі. Екінші бағыт, бұл осындай токамактардың санын көбейту қажет екендігі болып отыр. Сол үшін де алғашқы КТМ-ның маңызы зор.
Құрметті қонақтарға «Токамак КТМ» туралы кеңірек таныстырған ҚР ҰЯО бас директоры Эрлан Батырбековтің айтуынша, «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына бірнеше күн қалған кезде Курчатовтың ядрошы ғалымдары бірнеше халықаралық келісімшарттарға қол жеткізіп үлгеріпті. Енді «Токамакты» бірнеше ел бірігіп пайдаланбақ, олардың барлығы да өз елдерінде термоядролық энергетиканы дамытуды көздеп отыр екен. Ресей, Жапония, Франция сияқты елдер Қазақстаннан келіп, тәжірибе жинақтап отырса, бұған қалай риза болып, қалай ғана мақтанбассың?! Осының бәрі – Елбасының ерен еңбегі.
-Термоядролық энергетиканы неге дамытамыз? Неге елдің бәрі осыған ұмтылады деп ойлайсыздар ғой,-деп түсіндірді Эрлан Батырбеков, – жер бетінде көмір мен уранның қоры шектеулі. Біз сондықтан да болашақты ойлауымыз керек. Көмір, уранды пайдаланған соң, атмосфераға шығатын улы газдар, түрлі қоспалар таза ауа, тұмса табиғатты бұзады. Міне, осы үшін де біз термоядролық энергетика саласын дамытуға тырысып жатырмыз. Оның үстіне жыл сайын электр энергиясына деген сұраныс артып келеді. Әрине, түсінікті, жаңа технологиялар көбейген сайын олардың барлығына да қуат керек. Сондықтан да қазіргідегідей қарапайым тәсілмен алынып отырған электр энергиясының қуаты әрнәрсеге жете бермейді. Электр энергиясының да өте жоғары деңгейлі қуаты болған жөн. Міне, термоядро осы үшін де қажет. «Токамак КТМ» бұл бағытта айтулы жаңалық деп әлем ғалымдары қазір толық мойындады.
Мамандардың айтуы бойынша, басқарылуы бар термоядролық синтез – бұл қуат көзінің мүлде таусылмас қайнар бұлағы. Сутегі изотоптары арқылы іске қосылады. Ураннан 100 есе, ал көмір қуатынан 10 млн. есе күшті болып келеді екен. Ең бастысы, қоршаған ортаға деген зияны, шығаратын қалдығы жоқ, жасыл технология дегеннің нақ өзі.
Эрлан Батырбеков қонақтарды ҚР ҰЯО жобаларының бірі Атом энергетикасының қауіпсіздігін сақтау шараларымен де таныстырды. Осы сала бойынша курчатовтық ғалымдарды күллі әлем мойындап отыр. Сондықтан болар Жапония елінің ғалымдары ҰЯО ғалымдарына «Фукусима-1»-дегі апаттың салдарын бірге іздеп, тығырықтан шығар жолды өзара қарастырайық деп ұсынған еді.
– Мен ядролық қаруды таратпау және оның көзін жою туралы Қазақстанның бастамасын қолдаймын,-деді Швеция Парламентінің спикері Урбан Алин, – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ полигон жерін сауықтыру, әскери инфрақұрылымды жою, атом энергетикасын бейбіт мақсатқа пайдалану жөніндегі ұлы бастамаларын құрмет тұтамын. Қазақстан осы сала бойынша алда тұр. Бұл ел бейбітшіліктің басты насихатшысы.

Раушан Нұғманбекова
Курчатов.

Осы айдарда

Back to top button