Саясат

Саяси науқанға дайындық жүріп жатыр

Семей қалалық аумақтық сайлау комиссиясы сайлауға қатысуға қажетті құжаттарды өткізген партияларға куәліктер таратты.

Сонымен бірге, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Тоқаевтың айтуынша, алдағы сайлау өткен жылдармен салыстырғанда өзгеше болады. Сайлауда пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады, бұл – әдетте өкілетті органдарға қолданылатын сайлау жүйесінің бір түрі. Енді жаңа жүйеге сәйкес сайлау жүргізуде мандаттар кандидаттардың тізімдері арасында пропорционалды дауысқа сәйкес бөлінеді.

– Сайлау күнін Президент 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіледі. Сайлау учаскелері жұмыстарын сайлаудан бір ай бұрын, яғни 10 желтоқсаннан бастайды. Жаңа жүйе бойынша әр қала округ ретінде анықталған.  Семей округінің қалалық сайлау комиссиясы деп аталады. Бұрынғыдай қалалық сайлау комиссиялары да бар, бізде – 149 учаске. Олардың 108-і – ашық, қаладаорналасқан, 23 ашық учаске ауылдарда орналасқан және 19 жабық учаске бар, олар медициналық мекемелерде, әскери бөлімдерде және ішкі істер органдарының бөлімшелерінде орналасқан. Сайлауға тиісті органдарда тіркелген барлық партиялар қатысуға толықтай құқылы. Елімізде алты партия тіркелген, олардың барлығы құрылтай, жиындарын өткізді. Біздің қаламызда осы партиялардың барлығының өкілдері бар, – деді Зейнолла Тоқаев.

Тапсырыс 10 желтоқсанға дейін қабылданады, содан кейін белсенді насихат жұмыстары басталады. Бүгінде сайлау учаскелеріне тексеру жүргізіліп, қай жерлерде жұмысты аяғына дейін жеткізу қажеттігі туралы қорытынды берілді.

– 149 учаскенің 30-ы ғимараттың екінші қабатында орналасқан. Мүмкіндіктері шектелген адамдардың сайлауға қатысуларын қамтамасыз ету үшін мүгедектерге арналған арнайы көтергіштер сатылып алынды. Сайлау учаскелеріндегі сайлаушылардың тізімдері және бекітілген учаскелердің шекаралары туралы мәліметтер облыстық «Didar» және «Рудный Алтай» газеттерінің 3 қарашадағы сандарында жарияланды, – деді  Зейнолла Тоқаев.

Флора Левина

Семей.

Осы айдарда

Back to top button