Қоғам

Қарауылда көп жылдар қараусыз қалған үйлер жөнделді

Абай ауданында отыздан астам азқамтылған және көпбалалы отбасы баспаналы болды.

Ауданда «Нұрлы  жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Бір қабатты шығыс» өңірлік жобасы негізінде екі пәтерлі 16 үйдің құрылысы аяқталып, азқамтылған және көпбалалы 32 отбасы баспаналы болды.

Сонымен қатар, Қарауыл ауылында көп жылдар бойы бос тұрған көппәтерлі екі тұрғынүй қалпына келтіріліп, 15 пәтер аудан орталығындағы азқамтылған және көпбалалы отбасыларға табысталды.

Осылайша, аудан аумағындағы азқамтылған және көпбалалы 47 отбасы өз баспаналарына ие болып, қоныс тойын тойлады.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button