Қоғам

Ольга Рыпакова облыс әкіміне алғысын жеткізді

Ольга Рыпакова облыс әкіміне алғысын жеткізді

Олимпиаданың екі мәрте жүлдегері, жерлесіміз Ольга Рыпакова Рио-де-Жанейродан телефон арқылы хабарласып, дүбірлі дода кезінде қолдап-қоштаған, құттықтаған барша қазақстандықтар мен шығысқазақстандықтарға риза екендігін жеткізді. Жеңіл атлет Олимпиада ойындарына дайындық барысында айрықша көмек көрсеткен облыс әкімі Даниал АХМЕТОВКЕ ерекше алғысын білдірді.
«Баршаларыңызға мені қолдап, құттықтап жатқандарыңыз үшін үлкен рақмет! Әсіресе, Олимпиада ойындарына дайындық барысында көп көмек көрсеткен облыс әкіміне ерекше алғыс айтқым келеді», – деді Ольга Рыпакова.
Айта кетейік, Ольга Рыпакова Олимпиадаға алаңсыз дайындалып, сапалы жаттығу жүргізуі үшін келісімшарт негізінде республиканың үздік дәрігерлері мен кеңесшілері шақырылды. Спортшының жеке жаттықтырушылары мен көмекші мамандарының республикадағы, шет елдердегі, соның ішінде Риода өтетін Олимпиада ойындарына қатысу мәселесі шешілді.
Облыстық денешынықтыру-спорт диспансері жеңіл атлетке толық көлемде медициналық қолдау көрсетті. Сонымен қатар, Ольга Рыпаковаға облыс әкімінің ай сайынғы стипендиясы тағайындалды.
Осыдан бірнеше күн бұрын ғана қола жүлдегер атанған жерлесіміз қазір тамыз айының 24-і мен 27-сі аралығында Швейцарияның Лозанна қаласында өтетін «Бриллиант лигасына» қатысуға әзірленіп жатқан көрінеді.

Ақпараттық орталық

Осы айдарда

Back to top button